Испанияның «AGEM» фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда инновациялық технологияларды енгізбек

28.01.2013

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовтің Испанияның «AGEM» фармацевтикалық компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.  

Испан делегациясының жетекшісі Мигель Анхель Моратинос 1980 жылы құрылған және өңірдің жетекші елдерімен ынтымақтастық орнатқан Испанияның жетекші фармацевтикалық компаниясының таныстырылымын жасады.

Кездесу барысында «AGEM» компаниясының өкілдері денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу жөнінде бірлескен консультациялар өткізу, Қазақстанға стационарлық ауруханалары жоқ шағын елді мекендер үшін «AGEM» компаниясының мобильді госпитальдарын пайдалану, Испанияда («AGEM» компаниясымен бірлескен Валенсия қаласының Бас университеттік госпиталі және басқалар) қазақстандық медицина мамандарын оқыту туралы ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық мамандардың испан клиникаларында біліктілігін арттыру, мобильді госпитальдар жұмысын ұйымдастыру, денсаулық сақтау саласын жаңарту және дамытуда өзара тәжірибе алмасу мәселелерін қарастырды.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды