Қарағанды қаласында «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік холдингі» өтті

17.04.2015

2015 жылдың 10-11 сәуірінде Қарағанды қаласында «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік холдингі» АҚ 20 жылдығына арналған «Фитохимия дамуының жетістіктері мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК  мен  «Фитохимия» АҚ арасында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Меморандумның негізгі мәні жаңа дәрілік өсімдік тектес заттарды және олардың сынамаларына арналған стандартты үлгілерді әзірлеу және зерттеу, дәрілік өсімдік тектес заттарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының монографиясын әзірлеу саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Құжат аясында дәрілік өсімдік тектес заттарды әзірлеу және зерттеуге әдістемелік тәсілдер тұрғысында ғылыми көзқарас және ақпарат алмасу, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, сондай-ақ, білім беру қызметін ұйымдастыру және бірлесіп қатысу қарастырылып отыр.  Бірлескен баспа қызметіне және мамандармен, ғылыми-практикалық тәжірибемен, зерттеу материалдарымен, т.б. алмасуға ерекше назар аударылуда.

Ынтымақтастық халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.