Қарағанды медицина университетінің студенттері дәрілік заттардың сапасын бақылауды зерттеді

09.04.2024

Қарағанды қаласындағы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» бөлімшесінің сынақ зертханасының базасында Қарағанды медицина университетінің студенттері өндірістік практикадан өтті. 25 наурыз бен 5 сәуір аралығында «Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курсының 18 оқушысы дәрілік заттардың сапасын бақылау процестерімен танысып, зертханалық жабдықта жұмыс істеудің және зертханалық сынақтар жүргізудің практикалық дағдыларын игерді.

Тәжірибе жетекшісі Ұлттық орталықтың Қарағандыдағы бөлімше басшысының міндетін атқарушы Надежда Архипова болды. Олстуденттерге зертханалық зерттеулердің негізгі түрлеріне, қауіпсіздік туралы кіріспе нұсқаулыққа тоқталып, зертхана қызметіне шолу жасады. Ерекше назар концентрацияланған қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеуге, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын қолдануға аударылды.

Практика шеңберінде осы саладағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын, әртүрлі зертханалық жабдықтар және субстанциялармен жұмысты қоса алғанда, дәрілік заттардың сапасын бақылаудың негізгі аспектілерін қамтитын презентациялар дайындалып, ұсынылды.

Зертхана мамандары ультракүлгін спектрофотометрияны қолдану, токсикологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және микробиологиялық сынақтарды жүргізу, сапаны бақылау саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Мұндай өзара әрекеттесу студенттерге дәрілік заттардың сапасын бақылау процестерін тереңірек түсінуге және практикалық білім алуға мүмкіндік берді.

Практика қорытындысында Фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры Л. Власова кәсіпорын басшылығы мен зертхана қызметкерлеріне практиканы ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейі үшін алғысын білдіріп, оның болашақ фармацевтердің кәсіби дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.