Қарағандыда Қазақстандағы ең ірі логистикалық фармацевтикалық кешен ашылды

13.12.2012

Қарағандыда кеше  Қазақстандағы ірі логистикалық фармацевтикалық «Ригер» ЖШС кешені ашылды.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетінің төрағасы Дәулетхан Есімов қатысты.

Құны 1,4 млрд. теңге тұратын жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау арқылы іске асырылды.

«Біз 600 млн. теңгеге несие субсидиясын алдық. Онымен бірге мемлекеттің есебінен коммуникациялар - аула жолдары салынып, электр жабдықтау жүйесі, сондай-ақ жоғары жылдамдықты ғаламтор іске қосылды», - деді «Ридер» ЖШС-нің директоры Мейрам Қабылов.

Мемлекеттік қолдау жобаны іске асыруға септігін тигізді, деп атап өтті ол. «Біз бұл орталықты жарты жылдың ішінде салып біттік. Біз жылына 40 млрд. теңгеге тауар өндіре аламыз. Қазақстанда автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған мұндай кешен әлі болған жоқ», - деді кәсіпорынның директоры.

Мұнда Австрия өндірісінің заманауи жабдығы орнатылған. Кешен арнайы суытқыш (мұздатқыш) камералармен және ауа баптағыш жүйлерімен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 42 жұмыс орны құрылған.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды