ҚОжРҒЗИ жанынан сүйектің, мидың жұмсақ қабығының қатерлі ісігі және меланоманы зерттеу Орталығы ашылды

10.04.2013

Биылғы жылдың 8 сәуірінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жанынан сүйектің, мидың жұмсақ қабығының қатерлі ісігі және меланоманы зерттеу Орталығы ашылды. Оған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Куаныш НУРГАЗИЕВ, Густав Русси атындағы обыр Институтының бас директоры Александр ЭГГЕРМОНТ (Париж, Франция), МакГилл атындағы Университеттің профессоры Алан СПАЦ (Монреаль, Канада), Ресей онкологиялық зерттеу орталығының профессоры Лев ДЕМИДОВ (Мәскеу, Ресей), Дерматологиялық орталықтың профессоры Петер МОР (Букстехуд, Германия) қатысты.

Сүйек саркомасына, мидың жұмсақ қабығының және терідегі қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуде құрамдастырылған ем шара қолданылу керектігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Оған тікелей қанағаттандыратын және болар-болмас нәтиже беретін химиятерапия, хирургиялық ем және сәулелі терапия жатады.

Бастапқы кезеңдегі сүйек ісігі мен мидың жұмсақ қабығындағы ісіктер сирек кездеседі. Мәселен, 2012 жылы Қазақстанда 600 сүйек саркомасы мен жұмсақ қабаттың ісігіне шалдыққандар тіркелген (100 мың халыққа шаққанда 3,5 жағдай). Соған қарамастан, қаңқаның метастатикалық зақымдануының жиілігі жоғары деңгейді сақтап отыр. Онкологиялық ауруға шалдыққандардың 60-70 пайызында сүйек пен жұмсақ қабықтың метастазасы байқалады. Бұл патологияға шалдыққан аурулар жоғары технологиялық емдеу шараларын қажет етеді. Ем-шараның құрамына реконструктивті-пластикалық ота мен эндопротездеу жүргізу және онколог, морфолог, диагност, химиотерапевт, микрохирург, невролог, сәулелелендіру терапевті сияқты түрлі мамандықтағы дәрігерлердің өте мұқият қарауында болу кіреді. Мұндай дәрежедегі қаралу және емделу тек онкология саласындағы ірі мекемелерде ғана орын алуы тиіс. Соның бірі – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.

Соңғы жылдары әлемде тері ісігінінің қатерлі түрі белең алып келе жатыр. Кей мемлекеттерде ісіктің бұл түріне шалдығушылардың көрсеткіші 4-8 пайызды құрап отыр. Қазақстанда да терідегі қатерлі ісікке және меланомаға шалдығушылардың саны артуда. Мәселен, 2012 жылы бұл ауруға шалдыққандар саны 100 мың адамға шаққанда 19,6 құрады, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 18,4 болатын. Өлім-жітімге соқтыратын терідегі қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетін меланома ауруы бүгінде клинисцисттердің басты назарында.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жанынан сүйектің, мидың жұмсақ қабығының қатерлі ісігі және меланоманы зерттеу Орталығының ашылу салтанатына орай:

  • сәуір айының 8-10 аралығында меланома мен саркоманы цитоморфологиялық және молекулярлы-генетикалық диагностикалау бойынша ауқымды секциясы бар «Меланома мен саркоманы диагностикалау мен емдеудегі жаңа тәсілдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде;
  • Густав Русси атындағы обыр Институтының мамандары (Франция) және Канада, Ресей, Польша, Грузия және Қазақстанның ғалымдарының қатысуымен хирургтерге арналған шеберлік-оқулары өткізілуде (10 сәуір, ҚазОжРҒЗИ).

 

«Фармация Казахстана» журналы