Қазақстан әлемнің 36 елін біріктіретін Еуропалық менеджмент ассоциациясына кіреді

01.11.2012

Қазақстан әлемнің 36 елін біріктіретін Еуропалық менеджмент ассоциациясына кіреді.

Бұл туралы бүгін «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру: денсаулық сақтау менеджментінің дамуына жүйелі қадамдар» тақырыбында өткен екінші халықаралық конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Мақсұт Құлжанов айтты.

«Айта кеткен жөн, біз қолда бар барлық ресурстарды тиімді басқарамыз және қолданамыз, көрші мемлекеттермен салыстырғанда біздің еліміз әлдеқайда алда келеді. Мәселен, Қазақстан әлемнің 36 елін біріктіретін Еуропалық менеджмент ассоциациясына кіреді. Айта кетейік, бұл халықаралық қоғамдастыққа ТДМ-ның екі мемлекеті ғана мүше, соның бірі - Қазақстан. Бұл ҚР-да денсаулық сақтау менеджментінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді», - деп атап өтті ол.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды