Қазақстан дәрі-дәрмек бағасын реттеуде британдық тәжірибеге жүгінетін болады

21.01.2013

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Британия ұлттық формуляр жетекшісі Данкан Энрайтпен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстандағы ұлттық формуляр жүйесін жетілдірге бағытталған ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 адам» атты бағдарламалық құжатында жүктелген тапсырмаға орай, Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар мамандары Ұлыбританияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, формуляр жүйесін дамыту тәжірибелерін зерделеп қайтқан болатын. Жүздесу барысында  осы мәселеге назар аударылды.

Ал мамандардың тәжірибе алмасу нәтижелеріне орай, еліміздің денсаулық сақтау саласына Ұлыбританияның оңтайлы жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар жасалып, іс-шаралар жоспары берілген еді. Атап айтқанда, алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының формулярлық жүйесін жетілдіру, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйелеріне британия тәжірибесін енгізу қарастырылады.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды