Қазақстан Республикасындағы медициналық бұйымдар айналымы мәселелері жөніндегі оқыту семинарлары

16.09.2022

Қазақстан Республикасындағы медициналық бұйымдар айналымы мәселелері жөніндегі оқыту семинарлары

 

 

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығында ДЗСҰО Бас директорының медициналық бұйымдар жөніндегі орынбасары Дмитрий Войнован келесі оқыту семинарларын өткізеді:

1. 2022 жылғы 4 қазан «Қазақстан Республикасындағы медициналық бұйымдар айналымының мәселелері» тақырыбындағы семинар. Талқыланатын сұрақтар:

1.      Медициналық бұйымдарды сараптаудың басты принциптері. Сараптама кезеңінде өтініш берушілер тарапынан жіберілетін қателер. 
2.      Тіркеу деректерін қалыптастырудағы қиындықтар;
3.      Қазақстанда тіркелген медициналық бұйымдардың сапасын бағалау қызметінің негізгі принциптері, типтік қателіктері;
4.      Медициналық мақсаттағы бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалау (мақсатты аудитория – медициналық мекемелердің қызметкерлері)

2. 2022 жылғы 5-ші қазан «ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдардың айналымы саласын реттеудің стратегиялық мәселелері» тақырыбындағы семинар. Талқыланатын сұрақтар:

1.      ЕАЭО рәсімдеріне сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау мен тіркеудің негізгі қағидаттары мен тәсілдері;
2.      2026 жылға дейін жоспарланған ұлттық рәсімді ұзарту аясында медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұлттық және еуразиялық тіркеуді үйлестіру мәселелері;
3.      ЕАЭО ережелеріне сәйкес сараптама жүргізу кезіндегі мәселелер мен типтік қателер: ДЗСҰО тәжірібиесі.

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

 

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті! Толтырылған құжаттыd.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

 

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

 

+7 (727) 273-11-45,

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz