Қазақстанда 2012 жылғы сәуірдің 22-27 аралығында Иммундау апталығы өткізіледі

22.04.2013

Қазақстанда 2012 жылғы сәуірдің 22-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Аталған акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропаның барлық елдерінде өткізіледі.  

Жыл сайын өткізілетін акцияның мақсаты иммундаудың маңыздылығы егулермен толық қамту туралы халықты хабардар ету деңгейін арттыру үшін үгіттеу және мақсатты үндеу жүргізу болып табылады.

Иммундау апталығы шеңберінде инфекциялық ауруларға қарсы белгіленген мерзімде егілмеген барлық жастағы адамдарды анықтау және егу жұмыстары жүргізіледі.  

Ағымдағы жылы Қазақстандағы Еуропалық иммундау апталығы «Өз әлеміңді қорға – вакцинация ал» деген ұранмен өтуде.

2013 жылы Қазақстан аумағындағы Еуропалық иммундау апталығы іс-шараларының негізгі бағыттары:

халықтың иммундық профилактикаға сенімді қарым-қатынасын  қалыптастыру, иммундық профилактиканың қауіпсіздігі туралы халыққа ақпарат беру;

инфекциялық ауруларға қарсы қорғанудың қажеттілігі туралы және қоғам үшін иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдарлары туралы халықты, қоғамды және медицина қызметкерлерін ақпараттандыруды жақсарту;

вакцинацияның жоқтығына медицина қызметкерлері мен ата-аналардың тоқмейілсінуіне көңіл аудара отырып, вакцинациядан бас тартуға байланысты қатерлерге және оның зардаптарына назар аударту;  

өмірлеріне вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын аурулар әсер еткен адамдарға сөз беру; 

әкімшілік аумақтардағы атқарушы органдар басшыларының назарын иммундық профилактика мәселелеріне аудару болып табылады.

Aқпарат mz.gov.kz сайттынан алынды