Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасын реттеу және қалыптастыру ережелері бекітілді

20.12.2020

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын қалыптастыру, реттеу Қағидалары бекітілді.

Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу шекті бағаларды және дәрілік заттардың үстеме бағаларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Бағаларды реттеу ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетуге арналған көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын дәрілік заттар үшін кезеңдер мен іс-шараларды қамтиды.

Бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаларды қайта тіркеу және препараттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту теңгемен жүзеге асырылады.

Шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыруды, оның ішінде дәрілік заттарға референттік баға белгілеуді мемлекеттік сараптама ұйымы шарттық негізде жүзеге асырады.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, ТЖ енгізу, ТЖ туындауы кезеңінде көтерме және бөлшек саудада, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі жүзеге асырылады.

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтемеден танысуға болады: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021766/links

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2020 жылғы 14 желтоқсан).