Қазақстанда Еуроодақ стандарттары бойынша ұнтақ антибиотиктер шығарыла бастайды

29.01.2013

Қазақстанда Еуропалық одақтың «GMP» стандарттары бойынша ұнтақталған антибиотиктерді өндіре бастайды.

Бұл туралы бүгін «Тиісті өндірістік тәжірибе» GMP сертификатын тапсыру салтанаты кезінде «Santo Member of  Polpharma Group» компаниясының Бас директоры Влодзимирз Грыглевич мәлімдеді. 

«Қазақстандағы алғашқы антибиотиктер өндірісінің халықаралық стандартқа сәйкес іске қосылып отырғаны Қазақстандағы ең ірі өндіруші «Santo Member of  Polpharma Group» компаниясының тағы да бір айқын сипатына айналып отыр. Біз бұдан әрі де Қазақстандағы фармацевтика индустриясының дамуына қаржы құюды белсенді түрде жалғастыратын боламыз. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықаралық деңгейге шығуға ықпал етпек», деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, аталмыш жоба компанияның ұзақмерзімді инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Ол 2014  жылы компанияның бүкіл өндірісін халықаралық сапа стандарттар деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, мұндай бастама ҮИИД бағдарламасына толығымен сәйекс келеді. Осы бағдарлама бойынша, отандық экономикада басымдық берілетін салалардың бірі ретінде фармацевтика өнеркәсібі жарияланған болатын.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды