Қазақстанда фармацевтік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікке талдау жасалды

06.12.2012

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі фармацевтика  және медицина саласы  тауарлық нарығындағы  бәсекелестік ортаның жай-күйіне жасалған талдаудың нәтижелерімен  таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

 Жасалған талдау нәтижелері бойынша фармацевтика  және медицина саласы   нарығында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін бірқатар мәселелер анықталған.

Олардың ішінде  Қазақстан Республикасы заңнамаларында дәрілік заттардың ішінара алмастырылуын анықтау түсінігі мен нақты  белгілерінің болмауы;  дәрілік заттарды сату нарығындағы бәсекелестікті дамытуда   дәрігерлік қауымдастықтың фармацевтикалық компаниялармен  өзара әрекеттестігінің дұрыс ұйымдастырылмаған  бірқатар оқиғаларының орын алуы бар.Сондай-ақ, көкейкесті мәселелер қатарына  дәрілік заттарды сату нарығында толайым сатушы-делдалдардың көп болуы мен  ауылдық жерлерде фармацевтикалық нарықтағы бәсекелестіктің дамымауын және басқаларды атауға болады.

Агенттіктің талдауы шеңберінде 700-дей дәріханаға  сауалнама жүргізіліп, дәрілік заттардың бөлшек саудаға шығарылуына жасалатын кедергілер анықталған.

Агенттіктің талдауы нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметіне  және уәкілетті органдар - Денсаулық сақтау және Индустрия және жаңа технологиялар министрліктеріне анықталған мәселелерді шешу және кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстар   жолданатын болады.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды