Қазақстанда остеосаркома және басқа да күрделі онкологиялық ауруларды емдейтін жаңа препараттар пайда болады

07.03.2013

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында Қазақстанның фармацевтикалық нарығында жаңа компанияның тұсаукесері өтті. Наурыз айының 15-нен бастап «Никомед Казахстан» компаниясы «Такеда Казахстан» деп аталатын болды. Компания өзгертілген атпен өз қызметін жалғастыра береді. Осылайша, Takeda және Nycomed компанияларының арасындағы 2011 жылы басталған бірігу үрдісі тоқтатылды.

Ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі Қазақстан нарығына ену арқылы онкологиялық ауруларды емдеуге қажетті инновациялық препараттардың пайда болуына септігін тигізеді.

«Бүгінгі таңда сартандар сұранысқа ие болып отыр. Қазір біз Қазақстандағы екі ерекше онкологиялық препараттарды тіркеу үстіндеміз. Олар сүйек тінінің қатерлі ісігіне шалдыққан жастар мен ересектерге арналған арнайы препараттар. Бұл емдеуге келмейтін ауру екендігі жөнінде дәрігерлер қауымы хабардар. Аталған ауруға шалдыққандар Израильге және басқа да мемлекеттерге сондай дәрілерді алуға бола барып жүр. Алдағы уақытта ол дәрілер біздің елде де қол жетімді болады деген ойдамын. Біз өз кезегімізде онкологиялық ауруларға қарсы басқа да бірқатар препараттарды тіркеуге алуды жоспарлап отырмыз», – деді «Такеда» компаниясының Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Монғолиядағы және Тәжікістандағы өкілдігінің басшысы Людмила ЖАНГЕЛЬДИНА.

Қазіргі таңда Қазақстандық компаниялар бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Перинаталдық орталықтарда ай-күніне жетпей туылған балалардың күтімін жасау үшін «Куросурф» препаратымен қамтамасыз етіп, ол дәрумендік шәрбатты жетімдер үйіне жіберу сияқты шаралар компанияның жүзеге асырған істерінің бірі ғана. Ал, фармацевтика саласындағы әлеуметтік мәні зор шаралары ретінде компанияның  медициналық ЖОО-ның фармацевтика факультеті студенттерінің арасындағы фармация жөніндегі сайыстарына демеушілік көрсетуі екендігін атап өткен жөн. Сол арқылы Республикалық сайыстардың жеңімпаздары компанияның есебінен студенттер арасындағы халықаралық сайыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

ДҚСҰО-ның фармакопеялық орталығының директоры Ардак ТУЛЕГЕНОВА: «1998 жылы мен фармацевтикалық факультеттің деканы болған кезде компания басшылығы (ол кезде «Никомед» болатын) бірінші болып студенттерге арналған алаңды ұйымдастыруға келісті. 1-2 айдың ішінде менеджмент пен маркетингке үйретіп, тіпті ғылыми жобалар жазуға да септіктерін тигізді. Ал, тәжірибе аяқталған соң студенттерге шағын дастархан әзірледі. Сондықтан, бұл компанияның алдағы уақытта да студенттерге қолдау көрсетуін жалғастыратынына қуаныштымын».

«Такеда Казахстан» компаниясының Қазақстанда өндірістік алаңшасы болмайды. Себебі, 2012 жылы Ярославльде заман талабына сай фармацевтикалық кәсіпорын іске қосылған болатын.

«Фармация Казахстана» журналы