Қазақстандық медициналық емханалар 2013 жылы қызметтер үшін төлем жасаудың жаңа жүйесіне ауысады
25.01.2013Медициналық көмекті жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанның медициналық емханаларында ем-домдардың қолданыстағы тарифтерін халықаралық тарифтерге сәйкестендіруге бағытталған жаңа төлем жүйесі енгізіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов Орталық коммуникациялар қызметі ресми өкілінің брифингінде.
Бекітілген тізбеге сәйкес 2012 жылы шетелде емделуі тиіс 99 науқас отандық емханаларда емделді. Атап айтқанда, отандық емханаларда бүйрек ауыстыру жөніндегі 50 операция, жүрек ауыстырып салу бойынша - 1 операция, үлкендердің жілік майын трансплантациялау бойынша 22 операция, балаларға да осындай 8 операция жасалды.
Е.Байжүнісовтың атап көрсетуінше, егер бұрын кардиохирургиялық операцияларға мұқтаж науқастар шетелге көп жіберілсе, бүгінгі таңда елімізде ашық жүрекке 1,5 мыңнан астам операция жасалды, оның ішінде 87 ота - бірегей операциялардың қатарына жатады.
Шенеуніктің айтуынша, шетелдерде емделуге мұқтаждардың кезегін азайту мақсатында Ұлттық медициналық орталық сияқты жұмыс органы құрылды және бұл орталық шетелдік медициналық мекемелермен телемедициналық консультациялар өткізуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінге бұл кезекте 161 науқас тұр, олардың 86% пайызы ағза трансплантациялау операцияларына мұқтаж.
Aқпарат primeminister.kz сайттынан алынды