Қазақстандықтарға 2013 жылы тегін берілетін дәрілердің тізбесі бекітілді

22.01.2013

Қазақстанда 2013 жылы тегін берілетін дәрі препараттарының жаңартылған тізбесі бекітілді. Бұл туралы Астана қаласының  ресми сайты Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

2011 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 786 бұйрығымен бекітілген амбулаториялық деңгейдегі тегін медициналық кепілдендірілген көлем ауқымында халықты қамтамасыз ету үшін тегін және жеңілдетілген дәрі және медициналық маңызы бар заттардың тізбесі бекітілді. Тізбе жыл сайын толықтырылады.

Амбулаториялық кезеңде препараттар дәрігердің қағазы бойынша амбулаториялық-емханалық мекеме орналасқан жерде (емхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тағы басқалар) тізбе негізінде тегін жүзеге асырылады.  Диспансерлік есепте тұратын емделушіге емдеуші дәрігер тізбеге сәйкес дәрі қағазын жазып береді. Электрондық дәрі қағазы айлық қажеттілік көлемінде айына 1 рет жазып беріледі.  

«Препараттар  «Гиппократ  МФК» ЖШС дәріханалары арқылы беріледі.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды