Қазіргізамандық жағдайлардағы ДЗ, ММБ және МТ айналымы мәселелеріне арналған семинар-кеңес

03.02.2015

2015 жылдың 06 ақпанында 10-00 сағатта Абылай хан даңғылы, 63 үй мекенжайында орналасқан «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мәжіліс залында қазіргізамандық жағдайлардағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасының айналымы мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтеді (ЕАЭО аясында ҚР-да дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын тіркеуге қойылатын жаңа талаптар, тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар қауіпсіздігі мен сапасын бағалау).

Семинар-кеңеске дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасының айналымы саласындағы мемлекеттік органнан, мемлекеттік сараптау ұйымынан және фармацевтикалық қауымдастық өкілдері қатысады.

 

  Cеминар материалдары:

  1. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын жаңа нормативтік-құқықтық актілер аясында сараптау және тіркеу
  2. Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығындағы дәрілік заттар сапасын БИК-спектроскопия әдісімен бақылау
  3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезіндегі сараптама жұмыстары: Бастапқы сараптама
  4. №735 және №736 бұйрықтардағы фармакологиялық сараптама мәселелері бойынша өзгерістер
  5. Еуразиялық экономикалық одақ құзырында дәрілік заттардың жалпы нарығын қалыптастыру мақсатында дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау қағидалары
  6. Фармацевтикалық сараптама сатысындағы типтік сәйкессіздіктер
  7. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сапасы мен қауіпсіздігін бағалау
  8. Клиникалық зерттеулер және жағымсыз әсерлер мониторингі материалдарын сараптауға қойылатын жаңа талаптар