Келесі жылы Қазақстанда тұмауға қарсы жоғары технологиялық вакцина қолданылады

05.03.2013

Қазақстанда келесі жылдан бастап тұмауға қарсы жоғары технологиялық вакцина қолданылады, деп хабарлады бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

«Келесі жылы тұмауға қарсы 4-валенттік вакцина қолданыла бастайды. Оның айырмашылығы оған бүгінгі таңда жүріп тұрған тағы да бір В штаммы қосылады», - деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда В штаммы аурулардың қатарында екінші орында екенін, H3N2 штамымен тіркелген аурулар саны әлдеқайда көптігін атап өтті. Жалпы алғанда республикада ағымдағы маусымда аурудың 340 оқиғасы тіркелген.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшысы қолданылатын сәйкес вакциналарға қарағанда ол вакцина онша қымбат болмайтынын атап өтті.
 
Сонымен қатар, ине жуандығы 1-2 мм-ден аспайтын жаңа форматтағы шприцтер қолданыла бастайды, бұл вакцина әрекетіне жағымды әсерін тигізеді, себебі инъекция тері астындағы дендральдық жасушаларға жіберіледі.

Айта кету керек, 2012-2013 жылдың эпидемиологиялық маусымынан бастап тұмауға қарсы халықтың 10%-ы егілген. Ағымдағы маусымда елімізде тұмауға қарсы 1,332 млн адам егілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 250 мыңға артық. 
 

Тұмау мен ӨРВИ ауру-сырқауы өсуінің алдын алу мақсатында республикада 36 санитарлық-карантиндік пункт жұмыс жасайды, барлық аймақтардағы жағдайды апта сайынғы талдауға негізделген бақылау жүйесі енгізілген.

Aқпарат primeminister.kz сайттынан алынды