ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

08.05.2013

2013 жылдың 22, 24 мамырында медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын тіркеу, олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мәселелері бойынша өтінім берушілермен тренинг болады.  

Тренинг жүргізу графигі:

          2013 жылдың 22 мамыры – 10-00-ден 13-00-ге дейін - медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасына бастапқы және мамандандырылған сараптама жүргізу бойынша мәселелер. Тренинг жүргізетіндер: ММБ және МТ бастапқы сараптау басқармасының бастығы Абдиманова Б.Ж, ММБ және МТ мамандандырылған сараптау басқармасының сарапшысы Демесинова И.В.

         2013 жылдың  22 мамыры - 14-00-ден 16-00-ге дейін – медициналық мақсаттағы бұйымдарға талдамалық сараптама жүргізу мәселелері. Тренинг жүргізетіндер: СО токсикологиялық зертхана меңгерушісі Шин С.Н, иммунологиялық зертхана меңгерушісі Сатыбалдиева Ж.А.

       2013 жылдың 24 мамыры -  10-00-ден 12-00-ге дейін – ММБ және МТ қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мәселелері. Тренинг жүргізетіндер: дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау басқармасының бастығы Турысбекова Р.К.

      Өткізу орны және уақыты: Алматы қ., Абылай хан  63, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК акт залы.