Химфарм АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

22.04.2015

2015 жылдың 16 сәуірінде Шымкент қаласында Қазақстанның жетекші дәрігерлерінің Екінші Республикалық Конгресінің аясында «Химфарм» АҚ-мен  Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат аясында Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау Ұлттық орталығымен бірлесіп биосимилярлар, генериктер және фармакологиялық бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, тренингтер және басқа да жобалар)өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстанның жетекші дәрігерлерінің Екінші Республикалық Конгресі – мамандандырылған ауқымды шара, оған Қазақстаннан, Польшадан, Ресейден, Украинадан денсаулық сақтау саласының ғалымдары, мамандары, сондай-ақ  тәжірибедегі дәрігерлер мен профильді ведомстволардың жетекшілері – ел халқының денсаулығына жауап беретіндердің барлығы жиналды. Конгреске әр саланың (терапия, кардиология, педиатрия, дәріханалық сегмент) 500-ден астам үздік мамандары қатысты.

Конгрестің мақсаты – Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды әрі қарай

 дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы медицинаның түрлі салаларында диагностика мен емдеудің жаңа әдістері туралы мамандарды ақпараттандыру, әр елдің сарапшылары мен ғалымдары арасында медицина мен фармацияның түрлі саласы бойынша кәсіби тәжірибелерімен және білімдерімен алмасу.  Конгреске қатысушылар кардиология, неврология, гастроэнтерология, урология және педиатрия салаларындағы сарапшылардың  баяндамаларын тыңдауға мүмкіндік алды.

Конгресс жұмысына Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының бас директоры С.Р.Мусинов, Қазақстанның ФармМедИндустрия  Ассоциациясының президенті С.Е.Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директорының 

орынбасары С.К.Оралов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары М.Х. Ембергенова, ДЗ фармакологиялық сараптау департаментінің басшысы, ҚР ҰҒА академигі Р.С.Күзденбаева,  ДЗ фармакологиялық сараптау департаменті басшысының орынбасары, б.ғ.д Ш.А.Байдуллаева,   Назарбаев Университетінің  Өмір туралы ғылымдар орталығының өкілдері: жетекші ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор А.Е.Гуляев, Трансляциялық медицина, сапалы ұзақ өмір сүру және жаһандық саулық департаментінің директоры, м.ғ.д., профессор Т.С. Нұрғожин және ғылыми қызметкер м.ғ.к. А.Т. Супиев және Ресей, Польша, Украина және Қазақстанның басқа да беделді медицина өкілдері қатысты.