Көкшетауда мейіргерлік қызметті дамыту мәселелері талқыланады

09.11.2012

Ертең Көкшетауда «Отандық және халықаралық тәжірибедегі мейіргерлік іс саласын дамытудың өзекті проблемалары және жаңа парадигмалар» тақырыбында І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Конференция мақсаты - мейіргерлік қызметті, кәсіби білім және ғылыми зерттеулерді дамытуда отандық, халықаралық тәжірибелер мен жаңа перспективаларды талқылап, қорыту. 

Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстар, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, бастапқы медициналық-санитариялық ұйымдар, стационарлар, жедел жәрдем, медициналық университеттер мен колледждер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды