Коронавирус: симптомдары және профилактикасы

25.01.2020

   ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус симптомдары мен профилактикасы бойынша бірқатар нұсқаулар ұсынды. Бірнеше қарапайым қағиданы қадағалау қажет:

- қолыңызды кемінде 20 секунд сабынды сумен жуыңыз. Зарарсыздандыратын затты пайдаланыңыз.

- көз, мұрын және ауызға жуылмаған қолмен жоламауға тырысыңыз.

- ауырған адамға, жабайы жануарларға және үй малына тым жақындап кетуден сақтаныңыз.

- тұмаурату және жөтелу кезінде сүрткіні пайдаланыңыз.

- жұмыртқа мен етті жақсылап қуырыңыз / пісіріңіз.

Толығырақ ақпаратты біздің инфографикадан қараңыз.