ҚР ДCӘДМ «ДЗ,ММБ және МТ сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-да құрылым оңтайландырылды және жаңа кадрлық тағайындаулар болды

08.10.2015

05.08.2015 ж. № 255 ж/қ бұйрығымен бағаларды мониторингілеу Орталығының басшысы болып экономика ғылымдарының кандидаты  Ормантаева Роза Қасқырқызы тағайындалды.

01.09.2015 ж.  № 288 ж/қ бұйрығымен біліктілікті арттыру және кеңес беру қызметін көрсету Орталығының  басшысы болып  фармацевтика ғылымдарының кандидаты Степкина Елена Леонидовна тағайындалды.

22.09.2015ж. № 325 ж/қ бұйрығымен медицина ғылымдарының докторы  Күзденбаева Раиса Салмағанбетқызы   ғылыми Бөлім бастығы қызметіне ауыстырылды.          

01.10.2015 ж. № 310 ж/қ бұйрығымен биология ғылымдарының докторы  Байдуллаева Шынар Аманқызы тиісті фармацевтикалық практика және халықаралық стандарттар бойынша инспекциялау Басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды.         

05.10.2015 жылғы № 193-п бұйрығымен Кәсіпорынның ұйымдық  құрылымына өзгерістер енгізілді.       

Дәрілік заттарға фармакологиялық сараптама жүргізу Департаменті мен дәрілік заттарға фармацевтикалық сараптама жүргізу Департаментін қосу арқылы:   

Дәрілік заттарға мамандандырылған сараптама жүргізу Департаменті құрылды.

05.10.2015 ж. № 342 ж/қ бұйрығымен фармацевтика ғылымдарының кандидаты Қабденова Ақмарал Талапқызы дәрілік заттарға мамандандырылған сараптама жүргізу Департаментінің басшысы болып тағайындалды,  бұрын Сынақ орталығын басқарған.    

05.10.2015 ж. № 342 ж/қ бұйрығымен биология ғылымдарының кандидаты  Шнаукшта Валентина Станиславовна  дәрілік заттарға мамандандырылған сараптама жүргізу Департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, бұрын дәрілік заттарға  фармакологиялық сараптама жүргізу Департаментінің фармакологиялық сынақ зертханасын басқарған.

05.10.2015 ж. № 342 ж/қ бұйрығымен фармацевтика ғылымдарының кандидаты  Қалелова  Римма  Арысбекқызы  дәрілік заттарға мамандандырылған сараптама жүргізу Департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, бұрын дәрілік заттарға фармацевтикалық сараптама жүргізу Департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.  

Жаңа Басқарма құрылды:

ҚР Мемлекеттік Фармакопеясын және ЕАЭО фармакопеясын өңдеу және жетілдіру Басқармасы.

05.10.2015 жылғы 342 ж/қ  ҚР Мемлекеттік Фармакопеясын және ЕАЭО фармакопеясын өңдеу және жетілдіру Басқармасының бастығы болып фармацевтика ғылымдарының докторы Төлегенова Ардақ Орынбасарқызы тағайындалды, бұрын дәрілік заттарды фармацевтикалық сараптау Департаментін басқарған. 

Медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға мамандандырылған сараптама жүргізу Департаментінің құрамында медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеу және қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бөлімі құрылды.       

05.10.2015 ж. № 342 ж/қ бұйрығымен Медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеу және қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы болып медицина ғылымдарының докторы  Шин Светлана Николаевна тағайындалды,  бұрын Сынақ орталығының токсикологиялық зертханасын басқарған.

05.10.2015 ж.  № 342 ж/қ бұйрығымен Жүнісова Гүлзада Құрметқызы Сынақ орталығының директоры болып тағайындалды, бұрын Сынақ орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.