ҚР Денсаулық сақтау министрі «Абди Ибрагим» холдингінің директорлар кеңесі басқармасының төрағасымен кездесті

12.11.2012

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «Абди Ибрагим» холдингінің Директорлар кеңесі басқармасының төрағасы Незих Барутпен кездесті.  Бұл туралы ведомствоның баспасөз қыметінен хабарлады.  

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтық мәселелері талқыланды.

Министрге «СП Глобал Фарм» және «Abdi Ibrahim Ilaç San. ve Tic. A.S». компанияларының қосылу жоспары таныстырылды. 

Кездесуде атап өтілгендей, әлемнің үздік 100 фармацевтикалық кәсіпорнының бірі саналатын түріктің «Абди Ибрагим» компаниясының Қазақстанның жетекші өндіруші компаниясы «Глобал фарм» фирмасымен қосылу туралы шешіміне Қазақстандағы экономикалық тұрақтылық, фармацевтикалық өндірісті дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары, Кедендік Одақтың құрылуы, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы ықпал еткен.     

Бірегей дистрибьютор мен GMP стандартын енгізген отандық өндірушілер арасында ұзақ мерзімдік келісімдер жасау дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық үлес көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Және отандық өндірісті оңтайландыруға және дамытуға, шығарылатын медициналық өнім сапасын арттыруға  ықпал етеді.   

Тараптар бірлескен «Абди Ибрагим Глобал Фарм» компаниясының жоспарлары Қазақстанның фармацевтикалық секторын дамытуға, оның ішінде отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі ықпал ететінін атап көрсетті.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды