ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлері марапатталды

19.12.2012

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.     

ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова үздік медицина қызметкерлеріне «Парасат», «Құрмет», ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарын, сондай-ақ ҚР Құрмет Грамоталарын табыс етті.

Аса ауыр науқастарға қайтыс болған анасының жүрегі мен бүйрегін алып салуға келісім берген Игорь Воротников «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып, халықтың денсаулығының көрсеткіштері серпінді өсіп келе жатқандығын атап өтті. Кемік майы, бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы сияқты медициналық қызметкерлердің жоғары біліктілігі және ең озық медициналық құралғыларды талап ететін медициналық технологиялар енгізілуде. Қазақстанда туысқандық трансплантация дамып келеді. Ата-анасының балаларына, әпкесінің інісіне, әйелінің жұбайына донор болған жарқын мысалдар бар. Бүгінгі күні Қазақстан барлық ішкі органдарды трансплантациялауға толықтай дайын. Ол үшін қуатты кадрлық, зияткерлік, ғылыми және ресурстық әлеует бар, жақсы материалдық-техникалық база қалыптастырылды.

Бірақ, трансплантация саласы қоғамның қатысуынсыз дамымайды. Осы тұрғыдан министр Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының пациенті Жәнібек Оспановқа және Ұлттық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының пациенті Евгений Курцқа анасының органдарын алуға келісім берген Игорь Воротниковтың батыл іс-әрекеті үшін тағы да алғысын білдірді. Оның азаматтық ұстанымы біздің көптеген отандастарымызға үлгі болмақ. Осы орайда Игорь Воротников «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

Сонымен қатар, салтанатты жиында медицина қызметкерлеріне ведомстволық марапаттаулар табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды