ҚР ДСӘДМ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына 2 миллионнан астам теңге аударды

08.06.2015

ДЗСҰО ұжымы көктемгі селден зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясын қолдады. Қызметкерлер Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының шотына бір күндік жалақыларын аударуды шешті.

Қайырымдылық көмектің мөлшері 2 550 204 теңгені құрады. ДЗ, ММБ және МТ сараптау ұлттық орталығында дәрігерлер мен фармацевттер еңбек етеді, олар өз кәсіптерінің салдарынан көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге бейім. Біз аударған қаражат табиғи апат салдарынан баспанасыз қалған адамдардың үйлерін қалпына келтіруге жұмсалады деп үміттенеміз.

Қайырымдылық акциясы бүкіл елімізде жүрді. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында апатты деп танылып, бұзылған құрылыстардың орнына жаңа үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобалаушылар зиян шеккен тұрғындарға ауданы 40-тан 100 шаршы метрге дейінгі бес типтік жоба ұсынды.

2015 жылдың 23 наурызында Қарағанды облысында тасқын нәтижесінде 35 елді-мекенді су алып, 1 760 үй су астында қалғанын естеріңізге саламыз.

 

ДЗСҰО қоғаммен байланыс бөлімі