Дәрілік заттардың бес топтамасы туралы үлгілері

29.01.2013

Қазақстанның фармацевтикалық нарығында фальсификацияланған дәрілік заттары анықтау және дәрілік заттардың сапасын бақылау үшін «2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысын жүзеге асыру мақсатында қозғалмалы екі экспресс-зертхана сатып алынған болатын.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің 17.01.2013ж №15-1/122 хатына сәйкес «спектрлер кітапханасы» дерекқорын қалыптастыру үшін Сізден Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, №40 А мекенжайы бойынша ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Сынақ орталығына 5 серия (біріншілік қаптаманың 1 бірлігі бойынша: блистер, құты, ампула) бойынша дәрілік заттары үлгісін ұсынуды сұраймыз.

Мынадай қаптамалардағы дәрілік түрлерді ұсыну дұрысырақ: мөлдір блистерлердегі таблеткаланған түрлері, жұқа шыныдан жасалған мөлдір құтылардағы ерітінділер.

Үлгілерді ұсынылып отырған форма бойынша ұйым басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен бірге ұсыну қажет.

Нысан

 

 Фирма атауы

 

Біріншілік қаптамада дозасы мен саны көрсетілген атауы

Дәрілік түрі

Сериясы

Қаптамалар саны

Өндіруші

1

Мысалы: Ацетилсалицил қышқылы 500 мг №10, блистер

 

 

таблеткалар

 

0110312

0110412

0110512

0110612

0110712

 

1

1

1

1

1

 

Ирбитск ХФЗ, Ресей

2

 

 

 

 

 

3