Күйзеліс те туберкулезге алып келеді

15.11.2012

Туберкулез - жұқпалы ауру. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметінше, әлемде туберкулезбен ауыратын 8-10 млн адам тiркелiп, жыл сайын 3 млн адам қайтыс болады екен.

«Ал, Астана қаласында осы дертті жұқтырып, аурумен бетпе-бет келгендер саны жыл сайын азайып келеді. Мұнда 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 118,6-дан 95,7-ге кеміп отыр. Яғни, бұл көрсеткіш 19,3 %-ды, көші-қон тұрғындарын қоспағанда 26,4% құрайды. Соңғы он айда өлім көрсеткіші де 32,5% -ға қысқарған»,-делінген елорданың ресми сайтында.

«Бұрында материалдық жағдайы төмен, күнкөрісі нашар отбасылар туберкулезбен жиі ауыратын. Бүгінде бұл жағдайы жақсы отбасыларда да кездеседі. Мұның бір себебі - күйзеліске ұшырау деп білемін. Тағы бір айтарым, жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтіп тұрғаны дұрыс. Өйткені, бұл ауруды анықтаудың өте тиімді жолы. Сондықтан аурудың алын алу үшін бар мүмкіндікті жасау керек», - дейді Астана қаласы Мемсанэпидқадағалау департаменті директорының орынбасары Майра Жүсіпова.

Дұрыс тамақтану, дене шынықтыру белсенділігін арттыру, уақытылы тынығып, алкогольді ішімдік пен шылымнан бас тарту - дерттің алдын алудың бірден-бір жолы. Күйзеліске ұшырау да жұқпалы дертке шалдығуға әкеп соғады екен. Өкінішке орай, бұл жайтты көп адам ескере бермейді.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды