Қымбатты ханымдар!

06.03.2013

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығыста: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», – дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезеңдерде демеу болып жүргендеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Дәрі-дәрмек саласында ерен еңбек етушілердің көбі әйелдер қауымы екені белгілі. Сондықтан отандық фармацевтика саласының дамуына зор үлестерін қосып жүрген аруларымыздың әрқашан толған айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре берулеріне тілектеспіз!

Ізгі ниетпен, ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды,

медициналық мақсаттағы бұйымдарды

 және медицина техникасын сараптау

ұлттық орталығының» ұжымы.