Медицина қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз

14.06.2013

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің әрқайсымыз таңдаған мамандық өте қажетті әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің денсаулығы мен өмірі көп жағдайда сарапшылардың кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Өйткені, олар Қазақстанның фармацевтикалық нарығына келіп түсетін дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді.

Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың және адамдарға деген мейірбандылықтарыңыздың белгісі.

Еліміздің негізгі игілігі – халықтың денсаулығы. Біздің сарапшылар жас ұрпақтың дендері сау әрі мықты болып өсуіне, ата-аналарының денсаулықтарын сақтап қалуларына және егде адамдардың ұзақ ғұмыр кешулеріне септігін тигізу үшін аянбай еңбек етуде.

Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!