Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже бекітілді - министрдің бұйрығы

26.11.2012

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы № 628

2012 жылғы 11 қыркүйек,   Астана қаласы

Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабының 5-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республи­касының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1.Қоса беріліп отырған Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Медициналық білім беру ұйымдарының басшылары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) қоса беріліп отырған Ережеге сәйкес клиникалық базаларды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық даму департаменті (Б.Т.Төкежанов) осы бұйрықты интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы С. МУСИНОВ.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  міндетін атқарушының
2012 жылғы 11 қыркүйектегі  № 628 бұйрығымен  бекітілген

Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже баспасөзде жарияланды.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды