Медициналық Бұйымдардың Жаһандық Номенклатурасы GMDN

26.06.2015

2015 жылы 3 маусымда ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі - Орталық) Медициналық Бұйымдардың Жаһандық Номенклатурасы Агенттігінің Негізгі Атқарушы Директоры - GMDN Марк Васмуспен  (Оксфорд, Ұлыбритания) кездесу болып өтті. Жүргізілген кездесу шеңберінде GMDN базасына рұқсат құқықтарын беру және оны пайдалану тәртібі туралы шартқа, сонымен қатар Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Номенклатураның негізгі тапсырмасы медициналық бұйымдар айналысына қатыстырылған барлық құрылымдарды медициналық бұйымды бір мағыналы анықтау және атау жүйесімен қамтамасыз ету болып табылады.

Global Medical Device Nomenclature - Медициналық Бұйымдардың Жаһандық Номенклатурасы бұл:

  • Медициналық бұйымдарды белгілеуге арналған халықаралық стандарт (ISO 15225);
  • Медициналық Бұйымдар бойынша 65 ұлттық регуляторлық орган пайдаланды;
  • Регуляторлар IMDRF-ке сүйенеді;
  • Дүниежүзіндегі 4000-нан астам өндіруші;
  • 25 тілге аударма;
  • Дұрыс деп танылған 22000 термин, анықтамаларымен;
  • Бақыланатын бөлу және жаңарту;
  • Халықаралық мойындау;

Қазіргі сәтте Орталықта ақпараттық база жұмыстары және оны актуализациялау бойынша GMDN уәкілетті жұмыс тобы құрылған.

Барлық мүдделі медициналық бұйым өндірушілерге GMDN кодын алу үшін Орталыққа кеңес бойынша жүгінуге болады.

Байланыс ақпараты:  farm@dari.kz

                                     d.esbolatova@dari.kz

                                      https://www.gmdnagency.org/(Агентство GMDN)