Медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастыру мәселелеріне арналған оқыту семинары туралы

08.09.2022

Оқыту семинарларын өткізу туралы

 

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2022 жылдың 26-27-ші қыркүйекте PhD, MBA, institute of international education, Prague, CZ директоры, Марина Канушинаның оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

 

  1. «Тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау жүйесінің сапа жүйесі (ФҚЖ СЖ). ТКҰ компаниясында ФҚЖ СЖ  мен сапа менеджменті жүйесінің өзара әрекеттесуі. ФҚЖ СЖ аудиті - дайындау алгоритмі. ФҚЖ СЖ сапасын бағалау критерийлері. Ауытқулармен жұмысты ұйымдастыру» - 26.09.2022 ж.
  2. Сигналды басқару, байланыс тұлғасы мен фармакологиялық қадағалау жүйесінің уәкілетті тұлғасының ТКҰ міндеттері. Басымдылық және бағалау, сигналдардың валидациясы. Сигналдармен жұмыс істеу әдістері. Себеп-салдарлық байланысты анықтау. Процесті құжаттау -.27.09.2022 ж.

 

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

 

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті! Толтырылған құжаттыd.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

 

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

 

+7 (727) 273-11-45,

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz