Медициналық бұйымның қауіпсіздігі бойынша есепті қалыптастыру жөніндегі семинар өткізу туралы

01.06.2022

 

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2022 жылғы 27 маусымда фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі мониторингі департаментінің сарапшысы Гүлжазира Шалабаева өткізетін «Медициналық бұйымның қауіпсіздігі бойынша есеп беру» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

 

Семинарда төмендегі сұрақтар талқыланады:

1. Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасына және тиімділігіне мониторинг жүргізу саласында негізгі НҚА пайдалану білімі мен дағдыларын қалыптастыру;

2. Инцидент және түзету әрекеттері туралы есептерді қалыптастыру;

3. 14-қосымша;

4. 15-қосымша;

5. Тіркеуден кейінгі клиникалық мониторинг туралы есептерді қалыптастыру;

6. 17-қосымша.

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегілер қажет:

Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке рәсімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, әрі қарай тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz және d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102-кабинетке қолма-қол алып келу қажет.

«Төлемге өтінім» шартына қосымшаны толтыру міндетті!                                                                    Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.                                                                  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.           Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).     Қызмет үшін шотты төлеп, семинарға қатыспас бұрын төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45                                                                                                                                       +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz                                                                                                            +7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz