Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидалары бекітілді

20.06.2022

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-50 бұйрығымен Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидалары бекітілді. Қорытынды ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде медициналық техниканы орталықтандырып сатып алуды ұйымдастыру үшін тіркелген медициналық техникаға беріледі.

Сараптама ұйымы қорытынды беру үшін өтініш беруші ұсынған медициналық техниканы әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамалары бар техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізеді.                    Қорытынды беру үшін өтініш беруші сараптама ұйымына төмендегі құжаттарды тапсырады:                                                - сәйкес нысан бойынша медициналық техниканы әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделін сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтінішті;                      

- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық сәйкес келетін ұқсас медициналық техниканың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар мен материалдардыі.                                                                                 Сараптама ұйымы салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша қорытынды беруді өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.                                                  Қорытынды беру кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің материалдары және тиісті тіркеу дерекнамасының құжаттары ескеріледі.                                                                    Тиісті тіркеу дерекнамасының материалдарына сәйкес ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде сараптама ұйымы анықталған ескертулерді және ескертулер жіберілген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жою қажеттігін көрсетіп, өтініш берушіге жауап жібереді.                                                    

Ескертулерді жою кезінде өтінішті қарау мерзімдері тоқтатыла тұрады. Өтініш беруші ескертулерді жоймаған кезде сараптама ұйымы өтініш берушіге өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама жібереді.

 Өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын қамтамасыз етеді.                                        Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы қорытынды беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.                                                                  Қорытындының қолданылу мерзімі берілген күннен бастап 12 айдан аспайды.

Құжаттың толық мәтінімен келесі сілтемеден таныс аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028429