28.03.2015 ж. бастап 735 және 736 бұйрық өзгерістерінің күшіне енуі туралы

29.03.2015

28.03.2015 жылдан бастап  «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.09.2009 ж.  № 735 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 14.01.2015 жылғы №9 және «Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 18.09. 2009 жылғы № 736 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 14.01.2015 жылғы №10 ҚР ДСжӘДМ бұйрықтары күшіне енетіндігін хабарлаймыз

14.01.2015 жылғы  № 9 бұйрыққа сәйкес сараптау шарасы тіркеуге дейін жүргізіледі.

МФҚБКД-дан 28.03.15 ж-ға дейін келіп түскен өтініштер бойынша ДЗ, ММБ және МТ тіркеу деректері мен  үлгілері  бұрын бекітілген №735 бұйрықтың 17 тармағына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде қабылданатын болады. 

Қалған өтініштердің барлығы МФҚБКД қайтарылатын болады.