2015 ж. 23-25 сәуірінде Вашингтон қ. АҚШ Фармакопеялық конвенциясының (USP) құрылтай конференциясы болып өтті

21.05.2015

2015 жылдың 23-25 сәуірінде Вашингтон қаласында АҚШ Фармакопеялық конвенциясының (USP) құрылтай конференциясы болып өтті. Әдетте мұндай конференциялар бес жылда бір рет жүргізіледі және олардың мақсаты Конвенция қызметінің қорытындыларын шығару және оның әрі қарай даму перспективаларын анықтау.

Конвенция отырыстарында Конвенция басшылығының есептік баяндамалары ұсынылды, қызметтің жаңа басым және стратегиялық бағыттары талқыланды, электронды дауыс беру тәсілімен тұтқалы позицияларға кандидаттарды таңдау жүргізілді. Фармакопеялық стандарттарды жаһандық гармонизациялауға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға, АҚШ Фармакопеясының монографияларын және Ұлттық формулярды модернизациялауға, биологиялық дәрілік заттарға, дәріхана желісінде дайындалған дәрілік заттарға, диеталық қоспаларға және азық-түлік өнімдеріне сапа стандарттарын әзірлеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Ерекше назар АҚШ Дәрілік заттарды және азық-түлік өнімдерін бақылау жөніндегі басқармасымен (USA FDA) ынтымақтастықты дамытуға және өзара әрекеттестік мәселелеріне аударылған, Конвенцияның жаһандық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтауға қосқан үлесі аталып өтті. Конференция барысында интерактивтік талқылаудың әр түрлі формалары, мысалы, дөңгелек үстелдер, өзекті тақырыптар бойынша ланчтар, екі жақты дискуссиялар және т.б. пайдаланылды.

Қазақстан Республикасы 2009 жылы ресми қадағалаушы статусын иеленді, ал 2010 жылдан осы уақытқа дейін Конвенцияның толық құқықты мүшесі (шешуші дауыс құқығымен) болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясы (ҚР МФ) АҚШ Фармакопеясының стандарттарымен үйлестірілген. Конвенция отырысында республикамыздың атынан ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК жетекші мамандары - ҚР Мемлекеттік фармакопеясының бас редакторы профессор А.О.Төлегенова Конвенцияның ресми делегаты ретінде және сарапшы Э.Бекболатова қатысты.

Республика өкілдерінің Конвенция басшылығымен екі жақты кездесулері барысында ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК және АҚШ Фармакопеялық конвенциясының арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, ҚР МФ АҚШ Фармакопеясының стандарттарымен гармонизациялау туралы келісімді ұзарту, сынақ зертханаларын халықаралық аккредитацияға және ДДҰ қайта мамандануға дайындауға, Тиісті фармацевтикалық практика стандарттары және т.б. бойынша білім беру орталықтарын құруға қатысты бірлескен бірқатар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.