2015 жылдың 13-інен 15-іне дейін Алматы қ. Еуразия экономикалық комиссиясы жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді

12.05.2015

2015 жылдың 13-інен 15-іне дейін Алматы қаласында Еуразия экономикалық комиссиясы жұмыс тобының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы нарығын құру мәселелері бойынша кезекті отырысы өтеді.

Еуразия Экономикалық Одағы елдерінен (Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы,  Армения және Қырғызстан Республикасы) жүзден астам сарапшылар үш күн бойы Еуразия экономикалық одағы аумағындағы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді талқылайтын болады:

  1. Дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларының жобасы;
  2. Медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау қағидаларының жобасы;
  3. Медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйесін енгізуге, қолдауға және бағалауға қойылатын талаптар жобасы, оларды қолданудың потенциалды қаупіне байланысты;
  4. Медициналық бұйымдардың номенклатурасын жүргізу қағидаларының жобасы.

Отырыс жұмысына Еуразия экономикалық комиссиясының техникалық реттеу мәселелері жөніндегі министр Корешков В.Н., ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Цой А.В., Еуразия экономикалық комиссиясының мүшелері, мүше-мемлекеттер регуляторлық органдарының, оның ішінде ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және фармацевтикалық қоғамдастықтың басшылары мен өкілдері қатысады.