Оқыту семинарларын өткізу туралы

29.03.2024

ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2024 жылғы 17-18 сәуірде м.ғ.к., Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасының тиімділігін мониторингілеу департаментінің басшысы Малик Абдрахмановтың оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

17.04.2024 - "Дәрілік заттардың белсенді мониторингі"

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. Анықтамасы, нормативтік базасы;
  2. Мақсаттары мен міндеттері;
  3. Қандай жағдайларда белсенді мониторинг жүргізіледі.

18.04.2024 - "Төтенше жағдайлар кезіндегі белсенділік"

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. Анықтамалар мен ұғымдар;
  2. Ықтимал тәуекелдерге сәйкес дайындық;
  3. ТЖ туындаған кезде қатысушылардың рөлі.

Семинарға қатысу үшін дәрілік заттарды өндірушілер, өндірушінің уәкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау процесін зерделеуге мүдделі өтініш берушілер шақырылады.

Мәлімет үшін !

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

 

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

Алтыбай Дамира

Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz