Оқыту онлайн семинарларын өткізу туралы

08.04.2024

ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2024 жылғы 25-26 сәуірде Сіздерді онлайн форматта өтетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инспекциялау бойынша оқыту семинарларына қатысуға шақырады:

25.04.2024 ж. - «МБ өндірістік алаңдарын инспекциялау үшін құжаттаманы ұсыну. Инспекциялауға өтініштерді ресімдеу», дәріскер - м. ғ. к., инспекция департаменті медициналық бұйымдар инспектораты Басқармасының I санатты инспекторы, Бану Хандиллаева.

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

1. Инспекцияның ұйымдастырушылық сәттері;

2. "Медициналық бұйымдарға инспекция жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-315/2020 бұйрығына сәйкес инспекция жүргізу мерзімдері. "Медициналық бұйымдарға инспекция жүргізу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-315/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 63 бұйрығы;

3. Өтініш беруші ұсынатын құжаттар.

26.04.2024 ж. - «Дәрілік заттар өндірісінің GMP талаптарына сәйкестігіне фармацевтикалық инспекциялар жүргізу тәртібі», дәріскер - инспекция департаменті фармацевтикалық инспекторат Басқармасының басшысы, Гүлнара Наркабулова.

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

1. "Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығының және "Фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 83 шешімінің талаптарына сәйкес фармацевтикалық инспекцияны дайындау және ұйымдастыру;

2. Инспекциялау объектісіне бара отырып фармацевтикалық инспекция жүргізу тәртібі;

3. Қашықтықтан фармацевтикалық инспекция жүргізу тәртібі;

4. Есепті қалыптастыру және инспекция нәтижелерін бағалау.

Мәлімет үшін !

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)

 

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

Алтыбай Дамира

Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz