235 135 сall-орталығының жұмысы оңтайландырылды

11.10.2022

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында тамыз айының басында тестілік режимде 235 135 Бірыңғай call-орталық іске қосылып, оған 76 мыңнан астам қоңырау қабылданып, өңдеуден өтті.

Ұлттық орталық осы уақыт аралығында атқарылған сall-орталықтың жұмысына талдау жасап, өтініш берушілермен кері байланысты ыңғайлу ету үшін қоңырауларды қабылдау және өңдеу қызметін оңтайландырды.

Осы ретте жаңартылған сall-орталықтың дауыс мәзірі келесі командаларды ұсынады.

Қоңырау шалушы «1» командасын таңдаған жағдайда Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығымен (ӨБҚКО) байланысады. ӨБҚКО қызметкері өз құзыреті шеңберінде өтініш берушінің сұрағына жауап береді, қажет болған жағдайда тиісті құрылымдық бөлімшемен байланыстырады. ӨБҚКО арқылы қоңырау шалушы келесі бөлімшелердің қызметкерімен байланыса алады:

  • дәрілік заттарды сараптау департаменті;
  • медициналық бұйымдарды сараптау департаменті;
  • фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу департаменті («сары картаны» қалыптастыру және жіберу);
  • инспекция департаменті (фармацевтикалық инспекция, фармакологиялық қадағалау жүйесінің инспекциясы, медициналық бұйымдар инспекциясы);
  • медициналық бұйымдарды бағалау департаменті (ОТС және КТН сараптамасы);
  • тілдерді аудару және дамыту басқармасы (нұсқаулықтар мен қаптамалардың макетін мемлекеттік тілге аудару);
  • әкімшілік-шаруашылық басқармасы (мемлекеттік сатып алу мәселелері);
  • персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма;
  • заңнама мен стратегияны үйлестіру басқармасы;
  • корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметі;
  • баспасөз қызметі.

 

Дауыс мәзіріндегі басқа командаларды таңдау арқылы Ұлттық орталықтың келесі бөлімшелерімен байланысуға болады:

  • «2» - сапаны бағалау департаменті;
  • «3» - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға референттік баға белгілеу басқармасы;
  • «4» - заң басқармасы;
  • «5» - бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы;
  • «6» - цифрландыру департаменті, оның ішінде төмендегі порталдармен жұмыс бойынша техникалық қолдау қолжетімді:
  • «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау»;
  • «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға референттік баға белгілеу»;
  • «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» және басқа да техникалық мәселелер.

Қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Ұлттық орталықтың қызметкерлерімен телефон арқылы сөйлесу таспаға жазылатынын атап өткен жөн. Әңгімені жалғастыру абонент үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді білдіреді.

Ұлттық орталық қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, ашық және жедел байланыс жүйесін енгізу арқылы Орталыққа жүгінген азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға ықпал ететін тиімді коммуникацияға мүдделі. Call-орталықты іске қосу кері байланысты күту уақытын айтарлықтай қысқартады және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алады деп күтілуде.

Call-орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Call-орталыққа ұялы операторлардан және басқа өңірлерден қоңырау шалу үшін нөмірді Астана қаласының кодымен +7 (7172) 235-135 теру қажет.