Павлодардың кардиохирургиялық орталығында ашық жүрекке алғашқы ота жасалды

15.01.2013

11 қаңтар күні Павлодар қаласының аймақтық кардиохирургиялық орталығында ашық жүрекке алғашқы ота жасалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Артериялық гипертониямен ауыратын 1949 жылғы ер адамға ота жасалды.

 Емделуші жансақтау бөлімінде жатыр, оның гемодинамикасы қалыпты.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша салынған аймақтық кардиохирургиялық орталық Павлодарда өткен жылдың желтоқсан айында ашылды. Мұнда жылына 2,4 мың ота мен рентгенваскулярлық тәсілді қолдану жасалады, мамандар Ресей, Беларусь және Израильде оқытылып, машықтанды. Облыста балалардың жүрегіне операция жасала алады.

Кардиоорталық заманауи құралдармен жабдықталды, мамандар магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтарды, рентгендік ангиографиялық аппаратты, кешенді зерттеу зертханасын пайдалана алады. Ашық жүрекке жасалатын оталар үш операция залында өткізіледі, тағы екеуі қан тамырлары диагностикалары мен эндоваскулялық оталарды жасуға арналған.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды