Pfizer вакцинасын барлық қазақстандық салдыра алады

25.03.2022

 

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Pfizer препаратымен вакциналауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіліп, келесі санаттармен толықты:

- бастапқы вакциналаудан өтетін (профилактикалық) вакцина алғысы келетін адам­дар;

- түрлі себеппен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;

- шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушылар және COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.

Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, келесі шешімдерді қабылдады: 

- үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;

- медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;

- адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;

- білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.