Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағытын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың жаңа дәуір тынысын сезінуіне мүмкіндік береді

11.01.2013

Бүгін Елбасының «Қазақстан - 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысында жүрген Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Орал қаласындағы  №5 қалалық емханаға да арнайы барды.

Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған медициналық мекеме қазіргі уақытта  45 мыңға жуық адамды қамтитын, қаланың солтүстік-шығыс ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді.  Емханада кәсіби медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары жасалған. Бұл жерде түпкілікті нәтижеге межеленген медицина қызметкерлеріне  салаланған еңбек ақы төлеу енгізілуде.  

Жүздесу кезінде талқыланған тақырыптың бірі - әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары.  Онда денсаулық саласын дамытуға баса назар аударылған.

Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасының бірегей стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтарын бірыңғайландыру, сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айтылған аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету,  профилактикалық медицинаны жетілдіру, «Смарт - медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу секілді маңызды мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Сондай-ақ, ақ халаттылар, жастарға қандай қолдау көрсетіледі, заңдық деңгейде проблемалар қалай шешіледі, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік жағдайы сияқты өздерін толғандырған сауалдарын алға тартты.

  Осыдан кейін, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин кездесуді қорытындылай келіп: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы»  Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Қазақстанның жаңа экономикалық,  әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз.  Сондықтан, олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр»,-деп атап өтті.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды