2026 жылдан бастап ұлттық рәсім бойынша тіркелген дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші жойылады

22.05.2024

2026 жылдан бастап ұлттық рәсім бойынша тіркелген дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші жойылады

 

         2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық заңнама бойынша тіркелген және Еуразиялық экономикалық одақ талаптарымен сәйкестікке келтірілмеген дәрілік заттардың барлық тіркеу куәліктерін қолдану күші жойылады. Бұл жөнінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы еске салады.

Бұл орайда, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын ауыспалы кезең әрекет етуде, осы уақыт ішінде мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген дәрілік препараттар Одақ талаптарымен және қағидаларымен сәйкестікке келтірілуі тиіс.

Сонымен қатар, ұлттық рәсім бойынша берілген мерзімі шектеусіз тіркеу куәліктері 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. Бұл ретте мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес рәсімделген дәрілік препараттардың тіркеу дерекнамалары осы күннен кеш емес  Одақ талаптарымен сәйкестікке келтірілуі тиіс.

          ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің фармацевтикалық нарығында сәйкестікке келтіру үдерісінің өте баяу жылжып жатқанын атап өту қажет.

         Сонымен, бүгінгі таңда Қазақстанда 2025 жыл соңына дейін ЕАЭО қағидаларымен сәйкестікке келтіруді талап ететін 6 971 тіркелген дәрілік зат бар, оның ішінде 395 дәрілік заттың (5,6%) сәйкестікке келтіру өтінімі тапсырылды.

         Осыған ұқсас жағдай басқа ЕАЭО мүше-мемлекеттерінде: Арменияда – 5,3%, Беларусь Республикасында – 6,2%, Қырғызстанда – 2,8%, Ресей Федерациясында – 27,8% көлемде орын алды.

         Дәрілік заттарды сараптау және тіркеу ұлттық рәсімінің 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізілгенін еске саламыз. Бұл мерзім «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 ж. 3 қарашадағы №78 шешімініе өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы  128 шешіміне сәйкес белгіленді.