«Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарты» тақырыбындағы оқыту семинары туралы

19.09.2022

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығында 2022 жылғы 1 қазанда  фарм.ғ.к., GXP саласындағы сарапшы Елена Степкинаның «Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарты» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

 

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. Сапаны басқару: қағидаттар, сапа жүйесі, аутсорсингке берілген қызметті басқару, басшылық тарапынан мониторинг және талдау, сапа үшін тәуекелдерді басқару;
  2. Қызметкерлер: принциптер, жауапты тұлға (ЖТ), басқа қызметкерлер, қызметкерлерді оқыту және гигиена;
  3. Үй-жайлар мен жабдықтар: қағидаттар, үй-жайдың өндірістік ортасының температурасы мен жағдайларын бақылау, компьютерлендірілген жүйелер, біліктілік және валидация;
  4. Құжаттама: принциптері, талаптары;
  5. Дәрілік заттарды дистрибьюциялау үрдісі: қағидалар, жеткізушілерді бағалау, Тапсырыс берушілерді бағалау, қабылдау, сақтау, жою, жеткізу, экспорт;
  6. Дәрілік заттарды айналыстан бұрмалау, қайтару, күдік тудыру және кері қайтарып алу: қағидалары, талаптары, қайтарылған өнімдермен және жалған дәрілік заттармен жұмыс істеу, айналымнан кері қайтарып алу;
  7. Аутсорсингке берілетін қызмет: Тапсырыс беруші, Орындаушы;
  8. Өзін-өзі инспекциялау;
  9. Тасымалдау: тасымалдау қағидалары, процесі, ыдыс, буып-түю және таңбалау, ерекше айналымды талап ететін дәрілік заттар.

 

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

 

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті! Толтырылған құжаттыd.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

 

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

 

+7 (727) 273-11-45,

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz