ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

29.06.2022

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 23 маусымдағы № ҚР ДСМ-56 бұйрығымен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу қағидаларына өзгерістер және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілікзаттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Дәрілік заттардың шекті және үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес:

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 245-бабының 1-тармағын іске асыру шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасын қалыптастыру бойынша критерийлер айқындалды;

- көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекітуді ескере отырып, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың саудалық атауына бағаны тіркеу не қайта тіркеу үшін өтініш беру мерзімі 10 сәуірден немесе 10 қазаннан кешіктірілмей деп өзгертілді;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі қысқартылды;

- өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейін көлік шығыстары мөлшерінің шектеулері орнатылған - ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі талаптарға ұқсас көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндіруші бағасының мәнінен 15% - дан аспайды;

- әкелінетін дәрілік заттарға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің ұсынылған шекті бағасы жеңілдікті шегере отырып, дәрілік заттың бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмесі) көрсетілген бағалардың ең жоғары мәнінен аспайды;

- әкелінетін дәрілік заттар Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілмеген жағдайда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаның бағасы тіркелгенге дейін соңғы 24 ай ішінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген баға келісімшарт немесе дәрілік заттарды сатып алу туралы шарт негізінде тіркеледі немесе қайта тіркеледі;

Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларына:

- ұғымдық аппаратқа толықтырулар енгізілді;

- медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын талдау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды беру алынып тасталды;

- медициналық мақсаттағы бұйымдарға берілетін өтініштің құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

- медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтініштер бойынша ескертулерді жою мерзімі хабарламаны порталға орналастырған сәттен бастап 10 жұмыс күні болып белгіленген;

- медициналық техникалардың шекті бағаларынаа талдау жүргізу үшін өтініш беруші мемлекеттік сараптама ұйымының сайтында қызмет көрсетуге өтінімнің электрондық нысанын онлайн режимінде рәсімдейді (www.ndda.kz);

- медициналық техникалардың өтінішіндегі құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілді;

- медициналық техникаларға өтініштер бойынша ескертулерді жою мерзімі хабарлама Порталда орналастырылған сәттен бастап 10 жұмыс күні болып белгіленген. Жаңадан ұсынылған құжаттарға қайта ескертулер болған жағдайда, сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге ескертулерді және оларды жою қажеттілігін көрсете отырып, екінші хабарлама Порталда орналастырылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде екінші хабарлама (еркін нысанда) жібереді;

- медициналық техниканың шекті бағаларын талдау нәтижелері бойынша қорытындының қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 12 ай болып белгіленді;

 

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (28.06.2022 ж.).

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/169196/kaz