Ұлттық медициналық холдинг негізінде әлемдік деңгейдегі диагностикалық зертхана құрылады

22.02.2013

Қазақстанда &Ұлттық медициналық холдинг " АҚ негізінде әлемдік деңгейдегі диагностикалық зертхана құрылады, деп хабарлады бүгін Қазақстанның диагностикалық орталықтары қауымдастығы отырысында басқару холдингінің төрағасы Кеннет Әлібек.

"Республикалық диагностикалық орталық" басшылығымен бірлесе отырып, әлемдік деңгейдегі зертхана құруды шештік...  Ол диагнозшылардың барлық мәселелерін шешуге көмектеседі», - деді К.Әлібек.

Оның  айтуынша, бұл жобаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам жаңа диагностикалық әдістемелер туралы ақпараттық хаттарды холдинг клиникаларына тарату болды, мұндай материалдар аудандарға да жеткізіледі.

Зертхана құру кезінде, Кеннет Әлібек айтып өткендей,  заманауи, Қазақстан үшін өзекті диагностикалық технологиялар ескеріледі. Уақыт өте келе, мұндай зертханалар аудандарда да пайда болады.

Холдинг  басшысы қатысушыларға зертхананың мақсаты тек ауруға диагностика жасап қана қоймай, сонымен қатар ілеспелі ауруларды да анықтау, жанама көрсеткіштер бойынша аурудың бастапқы кезеңін анықтау және алдыңғы қатарлы әдістемелерді республикаға тарату болып табылатынын басып айтты.

Aқпарат primeminister.kz сайттынан алынды