Ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесінің қарсаңында «Еңбек ардагері» төс белгілерімен марапатталды

01.05.2015

Бүгін, 2015 жылдың 30-шы cәуірінде Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығында 1-ші мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай және кәсіпорын ардагерлерін төсбелгімен марапаттау мақсатында мерекелік жиын өтті.

ДЗСҰО бас директоры С.Р. МУСИНОВ орталық қызметкерлерін келе жатқан мейраммен құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ол еліміз қайта сайлаған Елбасы Н.А. НАЗАРБАЕВТЫҢ үш міндетіне – модернизация, халықтың амандығы, инновациялар мен интеграция сияқты халықтың даму аспектілеріне ерекше тоқталды.

Одан кейін ДҚСҰО-ның басшысы кәсіпорында көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлеріне марапаттарын тапсырды. «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Фарида Көкежановна КЕНЖЕБЕКОВА, Галина Михайловна МОЛОКОВА, Галина Кожабековна КАЗИЕВА және Татьяна Владимировна МАМАЕВА марапатталды.

Марапаттау барысында Г.К. Казиева ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. ДҮЙСЕНОВАНЫ және ДҚСҰО бас директорына ықыласын білдіргендері және денсаулық сақтау саласының ардагерлерінің сіңірген еңбектерін құрметтегені үшін алғысын білдірді. Ол кезінде өзі жас маман болып үлкендерден үйренгенін айтып, енді өз тәжірибесін жастармен бөлісудің кезі келгенін жеткізді.

Серікбол Рахымқанұлы ҚР Білім және ғылым министрі А. СӘРІНЖІПОВТЫҢ атынан академик Р.С. КУЗДЕНБАЕВАҒА «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалін тапсырды. Марапатты ала отырып, Раиса Салмагамбетовна кәсіпорынның ардагерлерінің атынан С.Р. Мусиновты жоғарғы буынға деген ілтипаты мен сенімі үшін алғыс айтты. Жаңа басшы келгелі бері ұжым жаңа, қызықты міндеттерді шешіп, кәсіби деңгейлерін белсенді түрде жоғарылатып, нәтижелі еңбек етіп жүргенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол залда жиналғандарды келер мерекемен құттықтап, күнделікті еңбектерімен кәсіпорынның сарапшылары мен мамандары денсаулық сақтау саласына, мемлекетіміздің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлестерін қосатынын айтты.

 

ДҚСҰО-ның

Қоғаммен жұмыс жөніндегі бөлімі