Жүкті әйелдер тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі

13.03.2013

Елордалық дәрігерлер жүкті әйелдерге берілетін тегін дәрі-дәрмектер туралы жан-жақты айтып берді.

«Жүкті әйелде II, III дәрежелі темір тапшылығы анемиясы анықталған жағдайда ол емделу үшін тегін дәрілермен қамтамасыз етіледі. Темір сульфаты препараттары, шәрбаттар (гинотардиферон), Фоли қышқылы (1мг дәрі) тегін дәрі-дәрмектерін қамтитын рецепті науқастың тұрғылықты тіркелген мекен-жайынан терапевт дәрігерлерден кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында тізбеге сәйкес алынады», - делінген Денсаулық сақтау басқармасының astana.kz  сайтына берген мәліметінде.

Сонымен қатар, ведомствода учаскелік гинекологта есепте тұратын жүкті әйелдер үшін Астана емханаларында антенатальды-биохимиялық скрининг, 3 реттік  скринингтік УДЗ, мамандардың кеңесі, жыныс жолдары ауруларының диагностикасы жасалатынын түсіндірді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Ана қауіпсіздігі» бағдарламасының енгізілуіне сәйкес, жүкті әйелдерге препараттарды дәрігер анықтаған  ауруларды емдеу үшін қатаң түрде дәрігердің нұсқаулығымен тағайындалады.

 «Дәрігер жазып бермеген дәріні ішпеген дұрыс. Барлық жүкті әйелдер үшін ең жақсы дәрі ақуызы мен көмірсутектері мол тағамдар болып табылады», - деп нақтылады Денсаулық сақтау басқармасындағы мамандар.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды