Жыл соңына дейін 28 инсульттік орталық ашылады

29.01.2013

Жыл соңына дейін 28 инсульттік орталық ашылады.  Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова айтты.

«Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамыту жөніндегі салалық бағдарлама аясында 3 жылдың ішінде барлық өңірлік орталықтарда 16 кардиохирургиялық орталық пен бөлімше пайдалануға берілді. Ал қатарлы технологиялар енгізілуде, жүрекке арналған 20 мыңнан астам ота жасалды»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, өткір инсультқа шалдыққан науқастарды халықаралық стандартқа сай емдеу үшін өңірлерде 20 инсульттік орталық ашылған. «Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 28 инсульттік орталық ашылатын болады»,-деді С. Қайырбекова.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды